Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» Арбитраж орталығы – бизнеске арналған дауларды мемлекеттік соттан тыс шешудің сенімді және тиімді платформасы. 2014 жылы коммерциялық емес жеке мекеме ретінде құрылған бұл орталық кәсіпкерлерге әділ, кәсіби және құпиялы төрелік қызметтерді ұсынады.
Арбитраж орталығының негізгі артықшылықтары:
- Тәуелсіздік және төрешілердің кәсібилігі. Орталықта Қазақстан мен шет елдердің үздік заңгерлерін қамтитын төрешілер тізілімі бар. Дауласушы тараптар өз талаптарына сәйкес кез келген заң талаптарына сай келетін төрешіні таңдай алады, тіпті ол төрешілер тізілімінде болмаған күнде де.
- Төрелік шешімдердің халықаралық мойындалуы. Арбитраж орталығының шешімдері 1958 жылғы Шетелдік төрелік шешімдерін тану және іске асыру туралы Нью-Йорк конвенциясына сәйкес әлемнің 172 елінде мойындалады. Бұл отандық және халықаралық деңгейдегі бизнеске өз құқықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
- Құпиялылық және беделді қорғау. Төрелік талқылаулар тек тараптардың қатысуымен жабық есік жағдайында өтеді. Даулар туралы ақпарат жарияланбайды және интернетте орналастырылмайды, бұл компаниялардың репутациясына әсер етуден сақтайды.
- Процедураның икемділігі және ыңғайлылығы. Төрелік процестер формальдылықтардың аздығымен ерекшеленеді, бұл уақыт пен ресурстарды үнемдейді. Дауларды бейнебайланыс арқылы қарау мүмкіндігі де бар, бұл шетелдік тараптарға ыңғайлы.
- Қолжетімді төрелік алымдар. Орталықта іс қарау құны талап бағасынан 0,5%-ға дейінгі мөлшерді құрайды, бұл мемлекеттік соттардағы 3%-дық баж салығынан айтарлықтай төмен.
Шартқа арбитраж ескертпесін енгізу – дауларды жедел және үнемді шешуді қамтамасыз ететін әрбір компания үшін маңызды қадам. Осы тәсілді таңдаған кәсіпкерлер өз мүдделерін қорғау сенімділігіне ие болып, бизнестің тиімділігін арттырады.
Арбитраж орталығына жүгіну негізі – шартта немесе тараптардың жеке келісімінде арбитраж ескертпесінің болуы: «Осы шарттан туындайтын немесе оған байланысты барлық даулар, келіспеушіліктер немесе талаптар, оның ішінде оның бұзылуына, тоқтатылуына немесе жарамсыздығына қатысты, Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының «Атамекен» Арбитраж орталығында оның қолданыстағы регламентіне сәйкес түпкілікті реттеуге жатады».
«Атамекен» Арбитраж орталығы кәсіпкерлерді қолдау үшін жұмыс істейді, сот талқылауларына тиімді баламалар мен іскерлік мүдделердің сенімді қорғалуын ұсынады.
2015 жылдан бастап Арбитраж орталығында 180-нен астам іс қаралды, қатысушылар қатарында Қазақстаннан бөлек Испания, Қытай, Ресей, АҚШ секілді елдердің компаниялары бар. Бұл орталықтың жоғары деңгейдегі беделін және кәсіпкерлер арасындағы сенімділігін айғақтайды.
«Атамекен» Арбитраж орталығы – кәсіпкерлер үшін уақытты үнемдейтін, әділ шешім қабылдайтын және халықаралық деңгейде мойындалатын дауларды шешу құралы.
Арбитраж процедурасы және ескертпе мысалдары туралы толығырақ ақпарат алу үшін «Атамекен» Арбитраж орталығының www.aca.kz сайтында немесе +7 747 282 89 04 телефоны арқылы хабарласыңыз.