Қазақстан Республикасы Жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары қауымдастығының (ЖӨКҚ) Құзыреттер орталығы USAID-тың Орталық Азиядағы сауда бағдарламасының қолдауымен келесі курстарға тегін қатысуға шақырады: «Киім дизайнерлеріне арналған gerber ажж курсына кіріспе», «Өндірістік процестерді тиімді жоспарлау»
«Киім дизайнерлеріне арналған gerber ажж курсына кіріспе»
Оқу мерзімі: 2024 жылғы 11 қараша – 20 желтоқсан
Формат: офлайн (Алматы)
Практикалық білім:Сіз киім құрастыру мен 3D модельдеудің соңғы цифрлық технологияларын меңгересіз. Оқу барысында Gerber АЖЖ бағдарламасымен жұмыс істей отырып, тәжірибелі педагог-практик жетекшілігімен практикалық дағдыларды игересіз. Сондай-ақ, лекалдарды үлгілеу үшін қолданылатын дигитайзер жабдығымен танысасыз. Киім үлгілерін құрастырып, оларды Gerber принтерінде басып шығарып, киімнің бел және иық бөліктерін тігу мен пішу кезінде өлшеп, тексере аласыз. Сонымен қатар, Gerber автоматты бағдарламасын қолданып, өндірісті оңтайландырып, еңбек өнімділігін арттырып және өнімнің өзіндік құнын төмендетуге мүмкіндік аласыз.
«Өндірістік процестерді тиімді жоспарлау»
Оқу мерзімі: 2024 жылғы
Бірінші кезең: 11 қараша — 11 желтоқсан
Екінші кезең: 2 желтоқсан — 18 желтоқсан
Формат: онлайн және офлайн
Практикалық білім: Өндірістік процестерді оңтайлы ұйымдастыру. Өндіріс қуатын, өнімнің өзіндік құнын есептеу. Өндірістік процестерді автоматтандыру. Технологиялық тапсырма паспортының түсінігі, еңбекті бөлу схемалары, Нұсқаулық карталар, ұтымды жұмыс орнының ауданы, өнімді тігуге кететін уақытты есептеу, шикізат шығынын есептеу.
Сертификаттау: Курсты аяқтаған барлық қатысушылар ЖӨКҚ Құзыреттер орталығының сертификатын алады.
Қатысу шарттары: Депозит – 50 000 теңге, топқа қабылданғаннан кейін төленеді. Курсты аяқтағаннан кейін депозит қайтарылады. Курсты аяқтамаған жағдайда депозит қайтарылмайды.
Қосымша ақпарат пен тіркелу үшін байланыс телефондары:
• Gerber АЖЖ курсы бойынша: Айнұр +7 707 725 6626
• Өндірістік процестерді жоспарлау курсы бойынша: Бибігүл +7 707 325 0548
Сіздерді күтетін боламыз!