Қазақстанда жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің 90 пайызы сырттан әкелінеді. Былтыр бұл мақсатта 1 млн АҚШ долларын жұмсаппыз.
Деректерген сүйенсек, елімізде 900-ден аса кәсіпорын аталмыш салада белсенді жұмыс істейді. 2017 жылы олардың саны 1500-нан асқан. Былтырғы табыс 76 млрд теңгеге жуықтапты. Бір қарағанда, айтарлықтай нәтиже. Дегенмен, саланың әлеуеті мен қарқыны әлі де бәсең. Жеңіл өнеркәсіп дегенде ойға 20 шақты сала түседі. Ал Қазақстанда соңғы 7 жылда тігін ісі ғана ілгерілеуде. Оның өзі макроэкономикалық әсерге ие емес. ЖІӨ 0,03 пайызы жеңіл өнеркәсіпке тиесілі. Бүгінде елімізде жылқы терісі, табиғи жүн, текстиль және мақтадан жасалған өнімдер үлесі басым, ал сырт киім мен аяқ киім шығару күрт төмендеген. Әрине саланы кемеліне жеткізуге ұмтылыс бар. Елбасы Жолдауында жеңіл өнеркәсіп пен шикізатты тереңдетіп қайта өңдеу секторына 500 млрд теңге бөлінгені айтылды. Бүгінде экспорт үлесі, 133,5 млн доллар көлемінде. Бұл 2017 жылмен салыстырғанда 11 пайызға аз. Ал Жеңіл өнеркәсіп қауымдастығының төрағасы Любовь Худова еркін экономикалық аумақ құруды ұсынып отыр.
– 90 жылдары жеңіл өнеркәсіп саласы құлдырап кеткені белгілі. Бүгінде бұл сала бәсеке қауқарсыз. Осы пайыммен келісесіз бе?
– Шикізатты өңдеуден дайын өнім шығаруға дейінгі жауапты кезеңді қамтитын сала қашанда сұранысқа ие. Қытай сияқты алпауыт елмен бәсекелесу қиын болар. Ақпарат үшін қоса кетейін, аспан асты елі жалпы жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің 15 пайызын өндіріп отыр. Десе де, сапалы өнім шығаруда отандық өндірушілердің мерейі үстем. Әттеген-айы, шикізат тапшылығынан басталатын өзекті мәселелер қолбайлау болып жатқаны рас. Бүгінде Қазақстандағы барлық өңірлерде саланы дөңгелетуге ден қойып жатқандар бар. Оның ішінде Шымкент, Алматы облысы және Алматы қаласында шығарылатын өнімдерге қызығушылар көп. Астанада да өткен жылғы нәтиже 2 млрд теңгеден асқан.
Өзін өзі жұмыспен қамту, еркін бағытта самғау фрилансерге тән. Сарапшылар әлемнің 57 елін назарға алып, фрилансерлер үшін тиімдісін анықтаған. Көш басында Гонконг тұр. Үздік ондықта Қазақстан көрінбейді. Десе де, біздің елде ІТ саласында бұл бағыт едәуір дамыған. Аудармашы, заңгер, журналистер де беделді еңбек етіп жүр. Әсіресе кәсіпкерлер фрилансерлермен жұмыс істегенді жөн көреді екен. Бүгінде Елорда мен оңтүстік астанада аталмыш бағыт қанаттанып келеді. Ал биылдан бастап, Астана, Алматы және Шымкентте жұмыс істейтін фрилансерлер 2525 теңге, өзге өңірдегілер 1263 теңге көлемінде бірыңғай жиынтық төлемін төлеуге міндетті. Блогер Алмас Тоқабаевтың пікірінше, бұл фрилансерлердің құқығын қорғауға бағытталған бірден бір бастама.
Шетелден бір ақпар. Биыл Қырғызстанда көлік саласына 14 млрд 361 млн сом бөлінеді. Бұл туралы Азаматтық бюджетте көрсетілген. Жалпы елде 131,5 шақырым автокөлік жолына асфальтбетонды жабындысы төселмек. 183,4 шақырым бұдыр жол тегістеледі. 18,4 шақырым жолға қаратас төселсе, 122,3 шақырымға қиыршық тас жайылады. Азаматтық бюджет есебінен бұған дейін 669,2 шақырым мемлекеттік және жергілікті маңыздағы жолдарға жабынды төселген. Оған қоса, 29 жаңа көпір салынып, 51 көпір жөндеуден өтті***
– Қазақстанда да жол мәселесі өзекті. Биыл қалай шешімін табады?
– Биыл елімізде жол жөндеу үшін 81,3 млрд теңге қарастырылып отыр. Оған республикалық маңыздағы 1,8 мың шақырымға жуық жол жөнделеді. 1140 шақырым жолға орташа жөндеу жоспарланған. Жол мұраты жету демекші, келешекте бұл мәселе де күн тәртібінен түседі деген ойдамыз.
2018 жылы мұнай өндірісі 90,3 млн тоннаға жетті. Бұл рекордтық көрсеткіш. Қашаған, Теңіз, Қарашығанақ сынды ірі жобаларда жалпы көлемі 53,9 млн тонна мұнай өндірілген. Нәтижесінде экспорт 2,4 пайызға еселеніп, 71,5 млн тоннаға жеткен. Өнімді өңдеу де жолға қойылып келеді. Мысалы, былтыр 16,1 тонна мұнай өңделді. Газ өндіру көлемі де жоспардан асып, 54,8 млрд. текше метрге жетті. Ал экспорт 19 млрд текше метрді құраған. Еске салайық, Қытайға жыл сайынғы 10 млрд текше метр көгілдір отын экспорттау туралы келесімге қол жеткізілді.