Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасына қарасты Арбитраж орталығы – бизнес арасындағы даулы мәселелерді мемлекеттік соттан тыс шешудің сенімді әрі тиімді платформасы. Айта кетейік, 2014 жылы коммерциялық емес жеке мекеме ретінде құрылған бұл орталық кәсіпкерлерге әділ, кәсіби тұрғыда және бизнес алдындағы құпиялықты сақтай отырып сапалы төрелік қызмет түрлерін ұсынуда.
АРБИТРАЖ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗГІ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
- Төрешілердің өз алдына тәуелсіз болуы және олардың кәсібилігі. Орталықта Қазақстанның жетекші заңгерлері мен халықаралық сарапшылар қызмет етеді, ал бұл дау шешімінің әділдігі мен сапасын қамтамасыз етері сөзсіз. Дауды шешуге қатысушы тараптар заңнама талаптарына сай келетін, тіпті орталық тізіліміне енгізілмеген төрешіні де, өз еркімен таңдай алады.
- Төрелік шешімдердің халықаралық деңгейде мойындалуы. Арбитраж орталығының шешімдері 1958 жылғы Шетелдік төрелік шешімдерін тану және іске асыру туралы Нью-Йорк конвенциясына сәйкес, әлемнің 172 елінде мойындалады. Бұл бизнестің отандық және халықаралық деңгейде өз құқықтарын қорғауына мүмкіндік береді.
- Құпиялылық және беделді қорғау. Төрелік талқылаулар тек тараптардың қатысуымен жабық есік жағдайында өтеді. Дауға және ол бойынша қабылданған шешімге қатысты ақпарат жарияланбайды. Ал бұл компанияның беделін қандай да бір кері әсерден қорғайтыны ақиқат.
- Процедураның икемділігі және ыңғайлылығы. Төрелік процестері қысқа мерзімде қаралады, бұл уақыт пен ресурстарды үнемдейді. Дауды шешу процессін бейнебайланыс арқылы қарау мүмкіндігі де ұсынылады, бұл әсіресе шетелдік тараптарға аса ыңғайлы.
- Төрелік алымдардың қолжетімділігі. Орталықтың дауды қарау құны мемлекеттік соттармен салыстырғанда әлдеқайда төмен, бұл бизнеске қаржылық тұрғыдан тиімді. Орталықтың алым мөлшері талап құнына байланысты оның 0,5%-ға дейінгі көлемді құрауы мүмкін, бұл мемлекеттік соттардағы 3%-дық баждан айтарлықтай төмен.
ШАРТҚА АРБИТРАЖ ЕСКЕРТПЕСІН ЕНГІЗУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Шартқа арбитраж ескертпесін енгізу – әр компания үшін кез келген дауды шешімін іздеу мерзімін әлдеқайда қысқартатын, сондай-ақ ол бойынша ұтымды шешімді қамтамасыз ету жолындағы маңызды қадам. Бұл тәсілді таңдаған кәсіпкерлердің өз мүдделерінің барынша қорғалатынына сенімділігі тек арта түсері ақиқат.
Шартта немесе тараптардың бөлек келісімінде төрелік ескертпенің болуы Арбитраж орталығының қызметіне жүгінуге негіз бола алады, ал ол үшін шартта келесі мазмұнда ескертпе қарастырылғаны абзал:
«Осы шарттан немесе онымен байланысты туындайтын барлық дау, келіспеушіліктер мен талаптар, соның ішінде оның бұзылуына, тоқтатылуына немесе жарамсыздығына қатысты даулар, Қазақстан Республикасының «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жанындағы Арбитраж орталығында оның қолданыстағы Регламентіне сәйкес түпкілікті түрде қаралады».
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БЕДЕЛ
2015 жылдан бергі аралықта Арбитраж орталығына отандық бизнестен бөлек, Испания, Қытай, Ресей, АҚШ және т.б. елдердің компаниялары жүгініп, туындаған даудың тиімді шешімін тапқан. Ал бұл орталықтың халықаралық деңгейдегі беделінің және кәсіпкерлер арасындағы сенімділігін айғақтайтыны сөзсіз.
«Атамекен» арбитраж орталығы – кез келген дауды мемлекеттік сот қарауына дейін жеткізбей, дауды тез әрі сапалы түрде реттеуді қалайтын кәсіпкерлерге ұсынылатын маңызды инструмент.
Арбитраж процедурасы және ескертпе үлгісі туралы толығырақ ақпаратты «Атамекен» арбитраж орталығының www.aca.kz ресми сайтынан таба аласыздар.