Қырғызстанның контрабандалы тауары еліміздегі жеңіл өнеркәсіпке кері әсер етіп отыр

Қытайдан Қырғызстанға тасымалданатын тауар көлемі күрт өскен. Биыл 2015 жылмен салыстырғанда 143 пайызға артыпты. Бұл мәліметті Мемлекеттік кірістер комитеті жариялады. Ал Қытайдан Қазақстанға келетін тауар көлемі азайған. Есесіне көрші елдерден заңсыз жолмен жеткізілетін тауар ауқымы артыпты. Контрабандалық жолмен келетін тауарлар ел экономикасына орасан зор зиян келтірері айтпаса да түсінікті.

Гүлмайра Қуатбайқызы, тілші:

-Расында да Қырғызстаннан келетін контрабанда салдарынан отандық жеңіл өнеркәсіп тұралап тұр. Қазір жергілікті өнім ішкі сұраныстың небәрі 10 пайызын ғана қамтиды. Қалғаны сырттан келеді.

Бүгінде Қазақстан кәсіпорындары төл өнімін Ресей, Беларусь елдеріне экспорттауда. Өйткені онда бәсеке төмен. Ал ішкі нарықты жалған бренд жаулады. Кәсіпкерлер жасанды тауардың Қазақстанға Қырғызстаннан әкелінетінін жақсы біледі. 2015 жылы Қырғызстан Кедендік Одаққа кірген кезде Қытайдың «сұр» экспортына жол ашылды. Оған дейін де Қытай тауарлары ел нарығында саудаланды. Алайда мұндай жөнсіздікке жол берілген емес.

 

 

 

 

поделиться в соц сетях:

Комментарии и уведомления в настоящее время закрыты..

Комментарии закрыты.